"ЕСКЕРТТІК": СУҒА ЖАРЫМАЙ ОТЫРҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА ӘКІМ ЖАУАП ЖАЗДЫ

Уақыты: 11.06.2020
Оқылды: 892
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облыстық «Жетісу» газетінің №60-62 санында «Суға жарымай отырмыз» деген тақырыпта мақала шықты. Қарабұлақ кентінің тұрғындары көтерген мәселе бойынша тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл материал 7-su.kz сайтына да шыққан еді.

Қарабұлақ ауылдың округіндегі Лихачева көшесіндегі көпқабатты үйдегі барлық тұрғынның пәтерінде ауызсу бар. Көше тұрғындары суды аудандық аурухананың су жүйесі арқылы алады. Олар тұтынып отырған судың ай сайынғы төлемін «Ескелді су құбырына» емес, аудандық ауруханаға төлейді.

Бұл көшенің тұрғындары бау-бақша егумен айналысады. Бақшаны ауызсу жүйесі арқылы суарғандықтан, судың айналым күші азайып, жоғары қабаттағы пәтерлерге көтерілмей қалады.

Тұрғындардың бұл мәселесін біз жақсы білеміз. Сол үшін аудандық әкімдіктен арнайы құрылған комиссия құрамы көше тұрғындарымен талай мәрте кездесу ұйымдастырған. Мәселенің мәнісін де түсіндіріп айтқан болатынбыз. Қазіргі таңда аулада арықтан ағып жатқан ағынды су да бар. Тұрғындарға бау-бақшасын сол арқылы суаруды ескерттік. Бір адамның бау-бақшасы үшін өзгелер жапа шекпеуі тиіс екенін айтып, түсіндірдік. Алдағы уақытта тұрғындар арасында мұндай түсініспеушілік болмайды деп сенемін.

Берік ДҮЙСЕБАЕВ,

Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Фото - ғаламтордан