ҒАЛАМТОРДЫҢ ЗИЯНЫ: "ЖАСТАР ЖАМАН ЖАҒЫНА ӘУЕС"

Уақыты: 04.07.2020
Оқылды: 5996
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қазір "айшылық алыс жерден жылдам хабар алғызған" ғаламтордың дамыған заманы. Алыстағы жақынмен хат алысу, керекті ақпаратты іздеу үшін ешқайда баруды қажеті жоқ. Телефон мен интернет істесе болғаны.  Сондықтан күннен-күнге жаңа смартфондар шығып, техникалар жақсы дамып келеді. Бірақ, таяқтың  екі ұшы болатыны секілді әлеуметтік желінің де жақсы және жаман тұсы бар.

Бүгінде адамдар өзіне керек дүниені интернет дүкеннен үйден шықпай-ақ, сатып алады. Яғни, әр бір сатып алушы уақытын үнемдеп, өзі ұнатқан киім болсын, әшекей болсын, қалаған тауарының дүкенін тауып, онлайн тапсырыс жасай алады. Әр нәрсені орнымен пайдалану керек.

Бірақ қазіргі қоғамның жастары жаман жағына әуес. Күні-түні желіге желімдей жабысып, уақытын текке өткізуге құмар. Онымен қоса желіде таралып жатқан неше түрлі атыс-шабыс, комьпютерлік ойындар да желінің зиянды жақтарының қатарын толықтырып тұр. Осы ойынның құрсауына түсіп, өз өмірлерін қиып жатқан өзіммен қатар жасөспірімдер туралы естігенде налитының анық.

Арамыздағы кейбір қолданушылар өз уақыттарын бос «лайк» жинаумен, жаңалықтар лентасын парақтаумен, пікір айтушылардың жазғанын оқумен немесе «Хат келген шығар?», «Оның постын жіберіп алсам ше?», «Инстаграмдағы жаңа суреттерді көрейін» деген пайдасыз ойлармен өткізеді. Осындайда құрбы-құрдастарыма айтарым, өз уақытымызды керексіз дүниелерге емес, пайдалы істерге арнасақ жақсы болар еді.  Ғаламтордың торынан түспей, әлеуметтік желіні уақытымен пайдаланайық.

Жібек СЕЙІЛБАЙ
Сурет ғаламтордан алынды