РУХАНИ АЗЫҚ КІТАПТА МА, ҒАЛАМТОРДА МА?

Уақыты: 05.07.2020
Оқылды: 1774
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Барлық білім кітапта. Кітап – білімнің қайнар көзі. Алайда бүгінгі қоғамда таңды-таңға ұрып, жата-жастана көз майын тамызып, әдеби шығарма оқитын жастардың легі сиреп барады. Мағжан атамыз елдің болашағы деп сенген жастар рухани азықты қайдан таппақ? 

Өкінішке қарай жастарымыз ой-өрісі дамитын жігерлі шағында көше тұрмақ, кітапханадағы кітаптарды тауысатын уақытын текке өткізіп, бойына рухани азық алатын әдеби шығармалардан жырақта жүр. Көз майын тамызып, күні-түні оқулық құшақтап жүрген жандар некен-саяқ. Ғаламтордың торына түсіп, ұлылардың том-том кітабын емес, ұялы телефон құшақтап жүрген жандарды көргенде, қолынан ескі кітабы, аузынан ертегісі түспейтін ата-әжелерімізді сағынады екенсің.

Орыс жазушысы М. Горький: «Кітап – мұхит, сол мұхиттан не терең? Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем. Егер мен бай болсам, тек қана кітап сатып алар ем. Кітап – әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі», – десе, Шекспир: «Кітап маған тақтан да қымбат», – деп баға берген. Бұған қарап біз кітаптың тарихымызды танытатын, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани байлығымызды арттыратын ең қымбат дүние екенін аңғаруға болады. Ендеше уақытымызды бос өткізбей, білімімізді арттырайық.

Жібек СЕЙІЛБАЙ
Сурет ғаламтордан алынды