Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚАПШАҒАЙДА КАРАНТИНДІ ПЫСҚЫРМАҒАН КАЗИНО ИЕСІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Уақыты: 24.01.2021
Оқылды: 679
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қапшағай қаласының полиция қызметкерлері коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында енгізілген карантин шектеулеріне қарамастан заңсыз жұмыс істеген казиноны анықтап, айыппұл салды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

«Бас санитарлық дәрігердің қаулы талаптарына сәйкес, елде казинолардың барлығының жұмысына тыйым салынған. Алайда қалада бір казиноның құпия жағдайда жұмыс істегені анықталды. Біз келген кезде казинода 60 адам отырды. Аталған факт бойынша жиналған фото, видеоматериалдар шара қабылдау үшін тиісті органға жіберілді», - деді Қапшағай қалалық полиция бөлімінің өкілдері "Қазақпаратқа" берген хабарламасында.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін казино иесі 900 мың теңгеден астам көлемде айыппұл төлейді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"