КЕШЕ 229 АДАМ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 24.04.2021
Оқылды: 1240
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәуліктегі мәлімет бойынша, Алматы облысында 195 адам індет жұқтырды. Облыста барлығы зертханалық расталған 19555 коронавирус дерегі тіркелді. Өңір коронавирустың таралуы бойынша "сары аймақта" тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Өсім деңгейі - 1,0 пайыз. Соның 44-і - Талдықорғанда, 30-ы - Еңбекшіқазақта, 24-і - Талғар, 20-дан - Іле, Қарасай, 14-і - Қаратал, 12-сі - Ұйғыр, 9-ы - Көксу, 7-еуі - Алакөл, 3-тен - Ескелді, Балқаш, Кербұлақ, 2 - Ақсу аудандарында, 4 - Текелі қаласында анықталды. Олармен 405 адамның байланыста болған, барлығы да үй карантинінде, медициналық бақылауда.

Өткен жылдың тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 3432 дерегі тіркелген. Соңғы тәулікте - 49 адам өкпе қабынуына шалдықты. Олар Қарасай (21), Іле (10), Еңбекшіқазақ (6), Жамбыл (1) аудандарында және Қапшағай (10), Талдықорған (1) қалаларында. Олармен 75 адам байланыста болған, олардың барлығы да медициналық бақылауға алынған.

Соңғы мәлімет бойынша ПЦР тәсілімен 584 325 адам тексерілген, соның ішінде, соңғы 3 күнде 11028 адамнан анализ алынды.

Бүгінгі күні ауруханаларда 2616 адам жатыр, соның 52-сі - ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 229 адам түскен. 228 адам жазылып шыққан. Инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі - 54,5 пайыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан