КЕГЕН АУДАНЫНДА ӨЗ ЕРКІМЕН ЕКПЕ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ

Уақыты: 27.04.2021
Оқылды: 738
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Адамзат жаратылғалы әртүрлі қауіпті індеттің зардабын көріп, соның ауыртпалығын басынан өткеріп келеді. Құрт ауруына ем табылған кезде обыр шықты. Енді, міне, алаңсыз өмір сүріп жүрген кезімізде COVID індеті белең алды. Осыған орай әлемнің ғалымдары ауруға қарсы тұрар вакцина табуға күш жұмылдыруда. Соның нәтижесінде коронавирусқа қарсы көптеген екпе өмірге келді. Соның бірі - Ресейдің Гамалея орталығы ойлап шығарған екпе.

Вирусологтардың үлкен тобы ресейлік «Спутник-V» вакцинасын жасауда күні-түні жұмыс істеді. Республика министрлігіндегі сараптама ұйымының қорытындысын алып, ресми түрде тіркелді. Осылайша еліміздің аймағында коронавирус инфекциясына қарсы «Гам-КОВИД-Вак» немесе «Стутник-V» деп аталған екпе жүзеге асырылып келеді. Вакцина 90 пайыз жоғары қорғаныс кепілдігін береді.

Кеген аудандық ауруханасына қарасты емхананың екпе бөлімінде тиісті жұмыстар жалғасып келеді. Екпе алуға келушілерді арнайы дәрігер қабылдап, жағдайын біледі. Содан кейін екпе алуға рұқсат етіледі. Соңғы мәліметтерге қарағанда 3250 адам өз еркімен екпе салғызыпты. Екпе алғандардың ішінде ұстаздар, мәдениет саласының қызметкерлері, бюджеттік мекемелердің адамдары, қарапайым ауыл тұрғындары, жастар да баршылық.

– Алғашқыдай емес, келушілердің қарасы көбейіп отыр. Бұл екпе алудың пайдасы барын ойлап жасалып жатқан әрекет екені даусыз. Шын мәнінде қауіпті індеттің алдын алудың бірден-бір жолы – екпе алу, – дейді емхана бөлімінің аға мейірбикесі Жадыра Омарова.

Қанат БІРЖАНСАЛ,

Кеген ауданы

Алматы облысы