БІР КҮНДЕ 275 АДАМ СЫРҚАТТАНДЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАЙТАДАН "ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТА"

Уақыты: 02.05.2021
Оқылды: 1322
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында індет жұқтырудың пайыздық көрсеткіші өсіп, өңір қайтадан "қызыл аймаққа" енді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соңғы мәлімет бойынша облыста жалпы коронавирус жұқтырғандар саны 21 609-ға жетті. Ал өткен жылдың тамызынан бері 3263 адам белгісіз пневмонияға шалдыққан. Барлығы 16810 адам індеттен емделіп шыққан.

Өткен тәулікте мерекелік демалысқа қарамастан Алматы облысы бойынша 275 адам коронавирус жұқтырған. Қазіргі таңда "қызыл аймақ" құрамында Жетісу өңірінен бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар орналасқан. "Сары аймақта" Шымкент қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстары тұр. "Жасыл аймаққа" Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.

Айта кетейік, бүгінде Алматы облысында бас санитардың жаңа қаулысы (танысу үшін үстінен басыңыз) шығып, көптеген кәсіптік нысандарға "Ашық" қосымшасы арқылы жұмыс істеуге рұқсат берілген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"