АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКПЕ ҚАБЫЛДАҒАНДАР САНЫ 170 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

Уақыты: 05.05.2021
Оқылды: 1027
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысындағы коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау бойынша жаңа ақпарат жарияланды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы І компонентпен 168 659 адам егілді, оның ішінде, 20 434 медицина қызметкері бар. Ал педагогтар – 30 654, учаскелік полиция қызметкерлері – 1636, студенттер - 1817, медициналық- әлеуметтік мекемелер контингенттері - 739, күш құрылымдарының қызметкерлері – 13 606, мемлекеттік қызметкерлер - 5067, созылмалы аурулары бар адамдар - 4870, басқа тұрғындар – 89 936.

Облыста ІІ компонентпен 36 388 тұрғын вакцинацияланды. Оның ішінде, 12 030 медицина қызметкері, 11 168 педагог, 481 учаскелік полиция қызметкері, 146 студент, 82 медициналық-әлеуметтік мекемелер контингенті, 1580 күш құрылымдарының қызметкері, 891 мемқызметкер, созылмалы ауруға шалдыққан 523 адам және 6094 басқа тұлға бар.

Өңірде әлі бірде-бір вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар тіркелген жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"