КОРОНАВИРУСТАН САҚТАНУ: "АШЫҚ" ҚОСЫМШАСЫ ДЕГЕН НЕ? ҚАЛАЙ ҚОЛДАНАМЫЗ?

Уақыты: 22.05.2021
Оқылды: 2723
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазіргі таңда пандемияға байланысты "Ashyq" қосымшасы жұмысын бастады. Халық арасында бұл қосымшаның артықшылығын немесе қалай жұмыс істейтіндігін түсінбейтіндер көп. Осыған қатысты тұрғындар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Бұл туралы "Жетісу" газеті облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлады.

- Статусты нысанға кірмей қашықтан тексеруге мүмкіндік қарастырылған ба?

- Иә, статусты үйден шықпай-ақ http://ashyq.kz/ сайтынан қашықтан тексеруге болады. Статусты тексеру үшін қосымшаны жүктеп алу қажет. Осы ретте сайтта орналасқан QR бейтарап болады, яғни код ешқандай бизнес нысанына жатпайды.

Орта есеппен тәулігіне 3 мыңнан астам азамат осы сервисті пайдалануда. Күніне қашықтан 80-130 азаматтан «қызыл» статус анықталып жатыр.

- Қосымшада вакцина алған адамдар қалай анықталады?

- Ағымдағы жағдайда вакцина алған адамдар туралы деректер қосымшада көрінбейді. Қазіргі кезде «Ashyq» жобасын вакциналау паспортымен біріктіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүйелерді интеграциялаудан кейін вакцина алған азаматтарға қосымшада «жасыл» статус белгіленеді. Сонымен қатар COVID-19-ке ПТР-тестілеуі (72 сағат) теріс шыққан адамдарда «жасыл» статус болады. «Көк» статус ПТР тестілеуі жоқ және науқас адамдармен байланыста болмаған адамдарға беріледі. Қосымшаның қалған әдістемесі өзгеріссіз қалды.

- Нысандарға «Ashyq» қосымшасы арқылы ғана кіру азаматтардың еркін қозғалуға қатысты конституциялық құқығын бұзбай ма?

- Азаматтардың конституциялық құқығы бұзылмайды, өйткені, «Ashyq» жобасын бизнес субъектілері ерікті түрде қосып жатыр. «Ashyq» жобасына қатысушы бизнес иесі келушілер статусын тексеру жауапкершілігін өзіне алады. Бүгінде нысанға кірерде «қызыл» статусты 1236 адам және «сары» статусы бар 541 адам анықталған.

Келушілердің статусын тексеру келушілердің өзіне артықшылық береді, өйткені «Ashyq» жобасын іске қосқан нысанға барған адам айтарлықтай қауіпсіздікте болады. Сондай-ақ, вирусты жұқтырған азаматтарды анықтауға мүмкіндік беретін қосымшаның қосымша функциясы арқылы жобаға қатысушы кәсіпкерлер басқа кәсіпкерлік субъектілерімен салыстырғанда жұмыс кестесін ұзарту тұрғысынан жеңілдіктер ала алады.

- «Көк» статус деген не, ПТР-тестілеуді мүлде тапсырмаған адамдар қоғамдық орындарға баруға жол ашатын «көк» статустың берілуі қоғам үшін қауіпсіз бе?

- «Көк» статус бейтарап белгі, демек мұндай статусы бар адамдар ҚР ДСМ базасында ПТР-тестілеуі оң науқастар қатарында жоқ және науқас адаммен байланыста болмаған. Келуші статусының өзгеруі ҚР ДСМ деректер базасындағы ақпаратқа байланысты.

- Егер ковидпен бұрын ауырған адамның статусы «жасыл» емес «көк» болып шықса?

- «Жасыл» статус келушінің деректер базасында ПТР тестілеуі теріс шыққан азамат ретінде тіркелгенін білдіреді. «Жасыл» статус 72-сағатқа ғана сақталады да, ары қарай «көк» статусқа өзгереді.

- Азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі қалай сақталады (байланыс нөмірлері, ЖСН)?

- Қазіргі таңда «Ashyq» жобасы «Электронды үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инрфақұрылымы операторы болып табылатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверінде қорғалған контурда орналасқан.

- «Ashyq» жобасын AppStore арқылы жүктеуде техникалық олқылықтардың шығуына қатысты пікір білдірсеңіздер?

- AppStore есептік саясатының өзгеруіне байланысты қосымшаны ағымдағы жылдың 5 мамырынан бастап жүктеп алу уақытша тоқтатылды. Өз кезегінде осы күнге дейін мобильді қосымшаны AppStore арқылы жүктеп алған азаматтар қосымшаны қолдана береді, ал жаңа қолданушылар нысандарға бизнес субъектісінде орнатылған «күзетші режимі» арқылы кірген. 5 мамыр күні AppStore-дан қосымша бұғаттан шығып, жүктеуге қолжетімді болды.

- Қосымшада азаматтардың жүріп-тұруын бақылау мүмкіндігі бар ма?

- «Ashyq» мобильді қосымшасы азаматтардың орналасқан жерін бақылауға қатысты функциясы жоқ. Телефон баптауларында әр адам қосымшаның неге рұқсат сұрап жатқанын көре алады.

- Сынақ режимі деген не? Сынақ режимінде жобаға қатысып жатқандарға жеңілдіктер қарастырылған ба? Қатысушылар мен сынақ-қатысушылар арасында қандай айырмашылық бар? Сынақ кезеңінің ұзақтығы қандай?

- Бизнес субъектілері QR-кодын алғаннан бастап алғашқы 7 күн сынақ режимінде жұмыс істеуге құқылы, яғни процестерді реттеп, қызметкерлерді оқытады. Сынақ режимінде жұмыс істеп жатқан ұйымдарға «Ashyq» жобасы аясында қарастырлған барлық жеңілдіктер беріледі.

Тестілеу кезеңінде бақылау топтары қатысушыларға қатыссты ескерту жасай алады, бірақ оларды жобадан шығармайды. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін, егер мониторинг тобы жобаға қатысу талаптарының бұзылғанын анықтаса, кәсіпкерлік субъектісі 2 аптаға жобадан шығарылуы мүмкін.

- «Ashyq» жобасын қатысатын және қатыспайтын ШОБ нысандарының жұмыс кестесінде қандай айырмашылық бар?

- Қосымшаның індетке шалдыққан адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін қосымша функциясы арқылы жобаға қатысушылар басқа бизнес субъектілеріне қарағанда жұмыс кестесі бойынша бірқатар жеңілдікке ие. Мысалға «қызыл» аймақта бильярд, компьютер клубтары, боулинг, караоке, көрмелер жұмысына тыйым салынған. Бірақ, осы салаларда Ashyq жобасымен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер жекелеген шектеулермен жұмыс істеуге рұқсат алады.  Шектеулер және жеңілдіктер тізімі Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулысымен анықталған.

- Мемлекеттік органдар Ashyq жобасы арқылы жұмыс істей ме? Оларға қосымшада жұмыс істеу алгоритмдері бизнестен бөлек пе?

Қазіргі кезде мемлекеттік органдардың Ashyq қосымшасымен жұмыс істеуі ерікті ретінде мүмкін, жеңілдктер берілмейді.

- Мониторинг топтары заңсыз әрекет жасаса, қайда хабарласуға болады?

- ҚР Бас прокуратурасында 115 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді (қоңырау шалу тегін), осы нөмірге кәсіпкерлер карантиндік шектеулер бойынша тексерулер кезінде мониторинг топтарының заңсыз әрекеттері туралы шағым түсіре алады. Сонымен қатар, бизнесті қорғаудың өңірлік мобильді топтары тәулік бойы жұмыс істейді.

- «Ashyq» жобасының ерікті қатысушылары кім?

- Жобаға ерікті қатысушылар ретінде қызметіне жұмыс істеу рұқсат етілген (Бас санитар дәрігердің №18 қаулысына сәйкес) және карантиндік кезеңге арналған іс-шараларды жүргізудің бекітілген алгоритмдері бар нысандар қосыла алады.

«Ashyq» жобасына ерікті қатысушыларға қатысты жеңілдіктер қарастырылмаған. Жобаға ерікті қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктер сайттарына жариялау жоспарланған.

- Шетелдік азаматтарды қалай белгілеуге болады?

- Қазіргі кезде бейрезиденттерді нысанда төлқұжат нөмірін қолмен теру арқылы тіркеуге болады. Шетелдіктер ПТР тапсыруында төлқұжат деректері терілетіндіктен Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасымен салыстыру іске асырылып, келушіге сәйкес статус беріледі.

- Желі немесе қосымшаның өзінде техникалық ақау орын алса не істеу керек?

- Интернет, wi-fi-ға байланысты техникалық ақаулар шыққанда бизнес субъетісі жұмыс істеуін тоқтатпайды. Техникалық кедергілер туындаған кезде нысанға «күзетші режимін» қосып, келушінің деректерін қолмен теруге кеңес береміз.

Айта кетейік, «Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек. «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады. «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат. «Жасыл» түс жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке   qr-код беріледі.

Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа елдерде де қолданылуда.

Бұл шараның халыққа пайдасы қандай? Бірінші кезекте, қауіпсіздік.  Бүгінде кез келген формада (ауру белгілері бар немесе белгілері жоқ) COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, оны қолхатта жеке қол қолтаңбамен растайды. Алайда көп жағдайда өзін-өзі оқшалау режимі бұзылып жатады. Ауырып қалған немесе науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға барады, коронавирустың таралуына себепші болады. Қосымша осындай келушілерді анықтауға және басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.

Бұл қалай жұмыс істейді?

«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану және Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын: ол вирус жұқтырған ба, жоқ па, анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, жобаға қатысушы – бизнес субъектісі қолданылып жатқан санитарлық нормалармен (бетперде, термометрия, бөлмені желдету) қоса қосымша бақылау жүргізеді. Келушілер мен персоналдың індетті жұқтырып алу қатері азайғандықтан жоба келешекте бизнес пен халыққа карантиндік шектеулерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

 Осы мобильді қосымшаның әзірлеушісі кім? «Ashyq» мобильді қосымшасы ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен  отандық ІТ-компания әзірлеген.

QR-код кімге беріледі – бизнес субъектісіне, әлде келушіге ме? QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі.

Жүйе адамдардың жүріп-тұруын шектей ала ма? Бүгінде жекелеген қызмет түрлерінің (боулинг, бильярд, караоке, компьютер залдары және басқа) жұмысы бойынша санитарлық шектеулер бар. Бір жылға жуық уақыт бұл нысандар жұмыссыз. Сонымен қатар демалыс күндері жұмыс істемейтін және өңір қызыл аймаққа түскенде жұмысы тоқтайтын бірқатар субъектілер (мысалы, фитнес-клубтар) бар.

«Ashyq» қосымшасы қауіпсіз қызметке жағдай жасау арқылы, керісінше келешекте карантиндік шектеулерді азайту және азаматтардың жүріп-тұруын оңайлатуға жағдай жасайды.

Адамдарды байланыссыз термометриямен бақылау практикасы неге жеткіліксіз болды? Термометрия Covid-19 індетінің ең айқын белгілерінің бірін (дене қызуының көтерілуі) анықтауға көмектеседі. Осы қосымшаны қолдану нысанға келушілер мен персонал қауіпсіздігінің қосымша кепілі.

Қосымшаны қолдану баршаға міндетті бола ма? Кәсіпкерлерді де, азаматтарды да қосымшаны қолдануға міндеттемейді. Осы жылдың 17 қаңтарынан баста пилоттық режимде «Ashyq» қосымшасын бірнеше фитнес-клуб, спа-орталықтар, сауналар және ресепшіні бар басқа да нысандар қолдана бастады. Пилотқа қатысу ерікті жүргізіледі.

Фитнес-орталықтар мен SPA-салондарынан басқа нысандар қосымшаны қолдана ала ма? Әрине қолдана алады, келушілері мен персоналының қауіпсіздігіне алаңдайтын бизнес иелері өз қалауынша қолдана алады.

Жобаға әр түрлі бизнес түрлерінің қатысу алгоритмдері бизнес қоғамдастық және санитарлық дәрігерлермен келісіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кейбір комментаторлар жазатындай, қосымшаны сауда орталықтары, базарлар, үй жанындағы дүкендер мен қоғамдық көліктерде күшпен қолдану жоспарланбайды.

Қосымшаны қолдану қаншалықты қиын уақыт жағынан шығынды ма? Нысанға келуші өз телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алуы тиіс, телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ді енгізу керек (1 рет, алдына ала енгізген абзалырақ).

Нысанға кіре берісте кіруді тіркеу үшін нысанның QR-кодын сканерлеу керек. Экранда статус (көк, жасыл, қызыл немесе  сары) көрінеді.

Шыға берісте – нысаннан шығуды тіркеу үшін QR-кодты сканерлеу керек.

Мобильді қосымша смартфоны жоқ адамдарға кедергі келтіре ме? Келушінің қолында смартфоны болмаған жағдайда немесе қосымшаны жүктеуде қиындықтар туындаса, нысандағы жауапты қызметкерге қосымшада арнайы рөл беріледі, қызметкер келушінің ЖСН-і арқылы оның нысанға кіруін тіркей алады.

Статус түсі нені білдіреді? Жасыл статус жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады. Көк статус –ПТР-тестілеудің нәтижесі жоқ, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ. Сары статус – деректер базасында байланыста болғандар есебінде тұрған адам. Қызыл статус– жүріп-тұрудың шектелгенін, Covid-19-ке оң нәтиже шыққанын, үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.

Нысанға келген сайын ПТР-тестіні тапсыру қажет пе? Әрине, қажеті жоқ.

Статус қаншалықты ұзақ сақталады? Барлық статустар уақытша құбылыс. Жасыл статус – 3 күн, яғни, ПТР анықтама жарамдылығына пара-пар. «Қызыл» немесе «сары» – ПТР-тестілеу теріс нәтиже көрсеткен бойда және науқас немесе жақын байланысатын адам үшін белгіленген оқшаулау режимінің аяқталғаннан соң алынып тасталады.

Осы жоба елде жаппай вакциналауды бастаумен байланысты ма? Бұл жобаның КВИ-ға қарсы вакцияналаумен байланысы жоқ.

Бұл жоба басқа ауруларға шалдыққан (ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары), тұмау және басқа) азаматтарды есепке ала ма? Жоқ, жоба басқа инфекциялық аурулармен байланысты емес.

QR-кодты сауда және ойын-сауық орталығы, дәріханалар, үй жанындағы дүкендерге орнату міндетті бола ма? Жоқ, егер кәсіпкерлік субъектісі оны өз еркімен орнатқысы келмесе, жобалық кеңсе осы нысандарға қосымшаны орнатуды қарастырмаған.

Нысаннан шығарда QR-кодты не үшін сканерлеу керек? Нысан жұмысының режимін бақылау үшін. Қосымша бір мезгілде нысандағы адам санын (жеке деректерсіз) және жұмыс ету уақытын талдауға бақылауға мүмкіндік береді.  Осылайша мониторингтік тексерулерді жүргізу қажеттілігі азаяды.

Әлемде мұндай практика енгізілген елдер бар ма? Бүгінгі таңда QR-кодтарды қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең таралған. Басқа елдерде де балама қондырғылар бар.

ЖСН бойынша деректер қайда жіберіледі? Деректер ешқайда жіберілмейді және қосымша профилінде қалады. Енгізілген деректер бойынша QR-кодты сканерлеуде пайдаланушы статусын тексеру жүргізіледі.

Пилоттық жобаға қатысушы-кәсіпкер клиенттің «қызыл» статусы туралы СЭҚ қызметіне хабарлауы қажет? Иә, жергілікті атқарушы органдардың үйлестіру орталықтары және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберуі керек.

Пилоттық жоба бойынша ресми аккаунт құрыла ма, барлық қажетті ақпарат қайда жарияланады? Қазіргі кезде телеграмда @support_ashyq_bot техникалық қолдау көрсету қызметі іске қосылған. Қосымша таралатын болса басқа арналарды қосу қарастырылуда.

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымдастықпен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда және жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімін жасақтауда. "Ashyq" қосымшасына қатысты басқа да сұрақтар бойынша "Атамекен" ӨКП-ға мына телефон арқылы хабарласуға болады: + 7 775 594 5977, +7 775 894 6061.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"