АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КЕШЕ 58 АДАМ КОРОНАВИРУСПЕН АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

Уақыты: 31.05.2021
Оқылды: 1107
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Соңғы тәулікте Алматы облысында 89 адам сырқаттанған, өсім деңгейі – 0,3 пайыз. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде Талдықорған қаласында – 30, Іле ауданында – 12, Қарасай ауданында – 8, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында – 7, Талғар, Қаратал аудандарында – 5, Ескелді ауданында – 4, Балқаш, Сарқан, Кербұлақ, Панфилов, Ұйғыр аудандарында – 2, Ақсу ауданында – 1 індет жұқтыру оқиғасы тіркелді.

Ал былтырғы 1 тамыздан бері анықталмаған пневмонияның 4551 жағдайы расталды. Соңғы тәулікте 12 дерек - Қарасай (10), Кеген (2) аудандарында анықталды. Олармен 22 адам байланыста болған, олардың барлығы үй карантинінде, медициналық бақылауда.

Соңғы мәлімет бойынша ПЦР тәсілімен 676 137 адам зертханалық тексеруден өтті, соның ішінде, соңғы 3 күнде тексеруден өткендер саны – 6068.

Қазіргі таңда 1279 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 43-і – ауыр халде. Соңғы тәулікте ауруханаларға 58 адам түскен, 56 адам жазылып шықты. Инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы – 39,7 пайыз. Сол сияқты соңғы тәулікте өңірде үй мен ауруханада жатқандарды қоса есептегенде 114 адам COVID-19 инфекциясынан емделді.

Вакциналау бойынша бір күнде І компонент 493 адамға, ІІ компонент 128 адамға салынды. Жалпы, І компонентін алғандар саны – 219 838 адам, ІІ компонентін алғандар – 127 740 адамды құрады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"