КАРАНТИНГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАЛАРҒА МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

Уақыты: 03.06.2021
Оқылды: 1365
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Ата-аналар мен балалар мереке күндері өз беттерінше серуендеуге тырысады. Балаларын ойын-сауық орталықтарына, ойын алаңдарына, аттракциондарға, саябақтарға апарып қыдыртады. Осы орайда бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бірқатар сақтық шараларын ұстанған абзал екендігін ескертеміз!

Ең алдымен, ата-аналарға коронавирустық жұқпаның таралуының алдын алу мақсатында ойын-сауық объектілерінде бұқаралық мерекелік іс-шараларды (туған күн, басқосулар) ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғандығын ұмытпаңыз. Себебі, бала денсаулығына ата-ана жауапты. Осы орайда мереке күндері адам көп жиналатын жерге балаларыңызды апармауға кеңес береміз.

Тек «жасыл аймақтағы» елді мекендердегі балалар ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар), оның ішінде сауда, ойын-сауық орталығы, сауда үйлеріндегі нысандар (толымдылығы 30 пайыздан, адамдар саны 50-ден аспауы керек) және ашық ауадағы аттракциондар қызметіне рұқсат етілген. Осыны есте ұстаған абзал.

Биылғы мамыр айының соңында Ақсу, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Көксу, Райымбек, Кеген аудандары мен Қапшағай, Текелі қалалары «жасыл аймаққа» жатқызылды.

Балаларыңызды қыдыртуға шығарған жағдайда әлеуметтік қашықтық (2 метрден кем емес), бетперделік режим, тері антисептиктерін қолдану, қолды сабынмен жуу тәртібін сақтау сынды сақтық талаптарын орындау шарт.

Қуаныш БЕКМҰРАТОВА,

Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім маманы

Сурет ғаламтордан алынды