АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 221 МЫҢ 887 АДАМ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

Уақыты: 02.06.2021
Оқылды: 1132
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының тұрғындары арасында вакцинация бойынша соңғы мәлімет белгілі болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облысына барлығы бірінші компоненттен 217 350 доза вакцина келіп түсті, оның ішінде, 31 500 Hayat-vax, 183 850 Гам-Ковид-вак және 2000 Qazvac бар. Екінші компоненттен 176 710 доза келді, оның ішінде, 31 500 Hayat-vax, 143 210 Гам-Ковид-вак және 2000 Qazvac әкелінді.

Бірінші компонентпен облыста барлығы 221 887 адам егілді, екіншісі 129 432 адамға салынды. Вакцинацияланғандардың арасында – мемқызметкерлер (9214), медицина өкілдері (20 020), педагогтар (30 942), журналистер (104) бар. Сондай-ақ, созылмалы аурулары бар адамдар (1223) және басқа тұрғындар (127 950) да өз еріктерімен екпе қабылдады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"