АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КЕШЕ 65 АДАМНАН ҚАУІПТІ ІНДЕТ БЕЛГІЛЕРІ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 03.06.2021
Оқылды: 980
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Соңғы мәлімет бойынша Алматы облысында КВИ-дің зертханалық расталған 26 216 дерегі тіркелген. Ал өткен тәулікте 65 адам ауырған, өсім деңгейі - 0,2 пайыз. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында - 17, Талғар ауданында - 9, Сарқан мен Еңбекшіқазақ аудандарында - 6-дан,Қарасай, Жамбыл аудандарында – 4-тен, Іле, Ескелді, Кербұлақ аудандарында – 3-тен, Панфилов, Ұйғыр, Көксу аудандарында – 2-ден, Балқаш, Қаратал аудандарында, Қапшағай, Текелі қалаларында - 1-ден індет жұқтыру дерегі тіркелді.

Өткен жылдың тамызынан бастап облыста анықталмаған пневмонияның 4619 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте анықталғаны - 10: Ақсу (8) ауданы мен Талдықорған (2) қаласында. Сырқаттармен 28 адам байланыста болған, барлығы медбақылауға алынған, үй карантинінде.

Алматы облысында барлығы ПЦР тәсілімен 682 371 адам зертханалық тексеруден өткен, соңғы үш күнде тексерілгендер саны - 6234.

1135 адам стационарлық ем қабылдауда, оның 42-сі - ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 74 адам түсті, 127 адам ауруханалардан жазылып шықты. Инфекциялық төсек орын толымдылығы - 46,1 пайыз.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның І компоненті 594 адамға, ІІ компоненті 1155 адамға салынды. Жалпы, вакцинаның І компонентін алғандар саны – 223 677 адамға жетті, ІІ компонентін алғандар – 133 270 адам.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"