ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС

Уақыты: 14.06.2021
Оқылды: 1587
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талдықорған қалалық емхана дәрігерлері мен медбикелерінің халықты емдеп жазып, ауруынан сауығуына ықпал етіп жатқан көмектері қаншама?!


Жас пен кәріні ауруынан айықтырып, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттырған, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғысын алып жүрген ақ желеңді абзал жандар, терапия бөлімінің меңгерушісі Ерасыл Еділханұлы мен хирургия бөлімінің білікті дәрігері Тұрсынғали Сауранбаев алдарына келген науқастың жазылып кетуі үшін көңіл-күйіне қарап, ем-дом алуына үздіксіз көмектесуде.

Қалалық емхананың неврология бөлімінде еңбек ететін бөлім меңгерушісі, білікті маман Зухра Ибрагимқызына, тәжірибелі дәрігер Еркен Құсманұлы мен ізденісімен көзге түскен дәрігер Ақмарал Шаймұратқызына алғыстарымыз шексіз!

Терапевт дәрігер Жадыра Болатқызы мен медбикелер Әйгерім Қошқарбекова, Жанна Мұқаева мен Салтанат Ахмадиевалар айналасына нұрын шашқан, аса жауапты мамандықтың қадірін білген абзал жандар. Сондай-ақ, осы емханадағы қанды зерттеу, анықтау бөлімінде еңбек ететін медбикелер Майра Жолынова мен Күміс Сұлтанғазиеваға да рахметіміз шексіз.

Тоты Бимұханқызы,
№25 орта мектептің мұғалімі
Талдықорған қаласы