АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 30 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

Уақыты: 21.07.2021
Оқылды: 1174
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

21 шілдедегі ақпарат бойынша Алматы облысында барлығы коронавирустың зертханалық расталған 29 694 жағдайы тіркелді. Ал соңғы тәулікте облыста 160 адам індет жұқтырған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Облыс бойынша індеттің өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4 пайыздан 0,5% пайызға дейін ұлғайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Қаратал, Райымбек және Талғар аудандарында байқалды.

Соңғы тәулікте КВИ анықталған 160 адамның 17-сі 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 12 жағдай анықталған. Өңірлер бойынша айтсақ, Ақсу – 2, Алакөл - 7, Балқаш - 3, Еңбекшіқазақ-18, Ескелді – 3, Жамбыл-12, Іле-15, Қарасай-17, Қаратал – 4, Кербұлақ – 5, Көксу – 2, Панфилов – 7, Райымбек–1, Талғар – 30, Талдықорған - 31, Текелі - 3.

21 шілдедегі мәлімет бойынша облыста барлығы 27 335 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационарда 42 пациент емделіп шықты, 19 адам үй оқшаулауынан босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"