Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ДҮЙСЕНБІДЕН БАСТАП АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛЕДІ

Уақыты: 24.07.2021
Оқылды: 715
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының Бас санитары карантинді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Алматы облысында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты 26 шілдеден бастап жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Атап айтқанда:

1) «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері келесі қызметтерге тыйым салынады:

- қоғамдық көліктердің қызметтеріне;

- COСO, сауда үйлері, сауда желілерінің;

- спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері,спорт клубтары, жаттығу залдары);

- қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттардың (тамақ жеткізуге рұқсат етіледі);

- фитнесс-орталықтардың, фитнесс-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, моншалардың, СПА орталықтарының, бассейндердің;

- кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдардың, филармониялардың, цирктердің;

- алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің, ашық және жабық базарлардың;

- компьютер клубтарының, боулингтердің, бильярд залдарының, караоке, түнгі клубтардың;

- білім беру орталықтарының, балаларға және үлкендерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалардың көңіл көтеру орталықтарының;

- банктердің, ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің;

- діни объектілердің қызметтеріне тыйым салынады.

2) Жұмыс күндері қойылатын шектеулер:

«Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттар сағат 20:00-гe дейін, «Ashyq» жобасына қатыспайтындар сағат 17:00-гe дейін; «Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер сағат 20:00-гe дейін, «Ashyq»-қа қатыспайтындар сағат 17:00-гe дейін шектеу қойылады. Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан ашық және жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттаркциондардың қызметі тоқтатылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды