АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КЕШЕ 468 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Уақыты: 13.09.2021
Оқылды: 798
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте Алматы облысында 218 адам індетке шалдықты. Ал 468 адам емделіп шықты. Облыс әлі "қызыл аймақта". Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында 74 жағдай, Қарасай ауданында – 28, Алакөл ауданында – 19, Еңбекшіқазақ ауданында – 18, Талғар және Ескелді аудандарында – 12, Жамбыл ауданында – 10, Ұйғыр ауданында – 9, Текелі қаласында – 8, Іле ауданында – 7, Балқаш және Сарқан аудандарында 5 жағдайдан, Кербұлақ ауданында – 4, Панфилов және Райымбек аудандарында 3 жағдайдан, Қаратал ауданында 1 жағдай тіркелді.

Бүгінде өңірде 2404 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 174 адам түсті. Ауруханалардағы төсек-орындар саны 6080. Төсек-орын жүктемесі – 39,5 пайыз.

Соңғы 3 күнде 9737 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 711 993. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1725. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 594 683. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1831.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"