ЕКІ КҮНДЕ 837 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН АЙЫҒЫП, ҮЙІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Уақыты: 15.09.2021
Оқылды: 965
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында екі күн ішінде 458 адам індет жұқтырды. Ал 837 адам ауруынан құлан-таза айығып, үйіне қайтарылған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Мәселен, 14 қыркүйек күні 218 адамнан коронавирус белгілері табылса, ал бүгін 240 адамның қауіпті сырқатқа шалдыққаны белгілі болды. Соның ішінде, Талдықорған қаласында 54 жағдай, Еңбекшіқазақ ауданында – 36, Іле ауданында – 31, Жамбыл ауданында – 23, Талғар ауданында – 21, Ескелді және Ұйғыр аудандарында 11 жағдайдан, Көксу ауданында – 10, Қарасай және Панфилов аудандарында 8 жағдайдан, Текелі қаласында – 6, Қаратал ауданында – 5, Сарқан ауданы мен Қапшағай қаласында 4 жағдайдан, Балқаш ауданында – 3, Кербұлақ және Кеген аудандарында 2 жағдайдан, Райымбек ауданында 1 жағдай тіркелді. Сондай-ақ 412 адам жазылып шықты. Бірақ өңір әлі "қызыл аймақта".

Бүгінгі жағдай бойынша өңірде 2183 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 176 адам түсті. Төсек-орындар саны - 6080. Төсек-орын жүктемесі – 35,9 пайыз.

Соңғы үш күнде 8628 адамның сынамасы ПЦР зертханаларында тексерілді. Өткен тәулікте науқастармен қарым-қатынаста болған 12 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 719 942. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2722. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 600 869. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3082.

Құрметті жетісулықтар! Вирустың таралуын тоқтату үшін әрқайсыңыздан адамдар көп жиналатын орындарға барудан мүмкіндігінше бас тартып, сыртқа шыққанда бетпердеңізді дұрыстап тағып, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"