БІР КҮНДЕ 606 АДАМ ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ "САРЫ АЙМАҚТА"

Уақыты: 20.09.2021
Оқылды: 974
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте Алматы облысында 166 адамнан коронавирус індеті анықталды. Ал емделіп шыққандар саны - 606. Облыс "сары аймаққа" өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында 69 жағдай, Іле, Қарасай және Талғар аудандарында 12 жағдайдан, Еңбекшіқазақ ауданында – 11, Панфилов, Жамбыл аудандарында – 9, Көксу ауданында – 7, Ескелді ауданында – 6, Ұйғыр, Кербұлақ аудандарында – 5 жағдайдан, Райымбек ауданында – 4, Ақсу ауданында – 3, Балқаш ауданында 2 жағдай тіркелді.

Өңірде 2020 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 138 адам түсті. Өңір ауруханаларындағы төсек-орын саны - 5190. Төсек-орын жүктемесі – 38,9 пайыз.

Соңғы 3 күнде 9216 адамның сынамалары ПЦР зертханаларында тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 731 825. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1817. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 619 875. Соның ішінде, өткен күні екпе алғандар саны – 1780.

Құрметті жетісулықтар! Вирустың таралуын тоқтату үшін әрқайсыңыздан адамдар көп жиналатын орындарға барудан мүмкіндігінше бас тартып, сыртқа шыққанда бетпердеңізді дұрыстап тағып, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз. Сондай-ақ, вакцина салдыру коронавирус жұқтырған жағдайда дерттің асқынып кетуінен қорғайды. Нәтижесінде, адамдарға ауруханаға жатудың қажеті шамалы болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"