АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕКПЕНІ ҚАЙТА САЛДЫРЫП ЖАТЫР

Уақыты: 06.12.2021
Оқылды: 1409
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 22 қарашадан бері ревакцинациялау курсы басталды. Бүгінде Алматы облысының 2624 тұрғыны індетке қарсы қайта егіліп үлгерді.

Ревакцинация - бұл COVID-19 вакцинасынан кейін иммунитетті сақтауға бағытталған қайта егу. Ревакцинацияның бірінші кезеңінен медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері және 60 жастан асқан адамдар өтеді. Сондай-ақ, дербес тексерілген және антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдарға ревакцинация курсынан өтуге кеңес беріледі.

Бүгінгі күні облыста ревакцинация курсынан 2624 адам өтті, оның ішінде, 2119 медицина қызметкері, 109 педагог, күш құрылымдарынан 7 қызметкер, 60 жастан асқан 54 адам және өз бетінше тексерілген 318 адам бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"