АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ КҮН ІШІНДЕ 202 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 13.01.2022
Оқылды: 1264
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында жаңа жылдық мерекеден кейін коронавирус күрт өршіді. Мәселен, кеше 69, бүгін 133 адамнан қауіпті індеттің белгілері табылған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, індеттің өсу қарқыны соңғы екі аптамен салыстыру кезінде 0,02-ден 0,08 пайызға дейін ұлғайған. Жалпы, облыста індет басталғалы бері 58 182 адам коронавирусқа шалдыққан, оның ішінде 43 593 сырқатта симптом белгілері байқалған.

Аудан-қалалардағы көрсеткіш (13 қаңтар) төмендегідей: Ақсу-1, Балқаш-4, Еңбекшіқазақ-9, Ескелді-4, Жамбыл-10, Іле-12, Қарасай-17, Қаратал-2, Кеген-4, Кербұлақ-5, Панфилов-8, Талғар-16, Ұйғыр-1, Қапшағай қаласы-14, Талдықорған қаласы-23, Текелі қаласы-3.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"