БІР КҮНДЕ 410 АДАМ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚТЫ. ОБЛЫС "ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТА"

Уақыты: 17.01.2022
Оқылды: 1285
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 17 қаңтардағы мәлімет бойынша 410 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жалпы, індет басталғалы бері аймақта КВИ-дің зертханалық расталған 59 672 жағдайы тіркелген. Оның ішінде, 44 867 адамда симптом белгілері бар. Облыста сырқаттанушылық көрсеткішінің артуы Талдықорған, Текелі қалалары, Алакөл, Қаратал, Көксу, Балқаш, Ескелді, Ұйғыр, Талғар, Панфилов, Сарқан аудандарында байқалды.

Облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы екі аптамен салыстырғанда 0,03%-дан 0,4%-ға дейін өсті. Соңғы тәулікте жұқтырғандардың 351-інде симптом белгілері бар. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 45 (10,9%), оқушылар арасында 11, студенттер арасында 5, мұғалімдер арасында 11 жағдай анықталды.

Өңірлер бойынша айтсақ, көрсеткіш мынадай: Алакөл-40, Балқаш-5, Еңбекшіқазақ-6, Ескелді-14, Жамбыл-20, Іле-7, Қарасай-59, Қаратал-20, Кеген-12, Кербұлақ-23, Көксу-8, Панфилов-22, Райымбек-5, Сарқан-15, Талғар-47, Ұйғыр-7, Талдықорған-90, Текелі-10.

Айта кетейік, қазіргі таңда Алматы облысы эпидахуал бойынша "қызыл аймақта" тұр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"