АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС САНИТАРЫ ЖАҢА ҚАУЛЫҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Уақыты: 23.01.2022
Оқылды: 1365
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының бас мемлекеттік-санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов жаңа қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, Ashyq жобасына қатысуына қарамастан келесі қызметтерге тыйым салынды:

  • концерт залдарының, цирктердің, филармониялардың, театрлардың қызметіне;

  • діни бірлестік нысандарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқа) ұжымдық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және басқалар) өткізуге;

  • конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;

  • түнгі клубтардың қызметіне;

  • қоғамдық тамақтану объектілеріндегі бар тіреулерінде қызмет көрсетуге, ән айту және би бойынша қызметтер көрсетумен караоке қызметіне (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);

  • Ashyq жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, ашық ауада және жабық үй-жайларда салтанатты, бұқаралық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар, корпоративтер) ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға, өткізуге және оған қатысуға тыйым салынады. Сонымен қатар, қаулыда оқушылар мен студенттердің білім алу форматы туралы да айтылған.

Құжатта атап көрсетілгендей, оқыту меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан штаттық форматта өтетін болады:

  • 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда жалпы білім беретін мектептерде;

  • 600-ден астам оқушылар оқитын жалпы білім беретін мектептерде - мектептің жобалық қуатының 50%-ынан аспайтын жүктеме бойынша;

  • жалпы білім беретін мектептерде - бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептердегі 1-6 сыныптарды қоса алғанда);

  • мектептен тыс ұйымдарда;

  • жоғары оқу орындарында, арнайы орта білім беру ұйымдарында – аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика кесте бойынша штаттық режимде, ал дәрістер – онлайн;

  • мектепке дейінгі ұйымдарда – ата-аналардың өтініштері бойынша.

Білім беру ұйымдары әкімшілігінің қалауы бойынша вакциналаудың толық курсынан өткен оқушыларды штаттық форматта оқытуға жол беріледі. Қаулының толық мәтінімен мына арадан (үстінен басыңыз) танысуға болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"