КЕШЕ 354 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ. ОБЛЫС ӘЛІ "ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТА"

Уақыты: 24.01.2022
Оқылды: 1232
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Пандемия басталғалы бері Алматы облысында барлығы 61 619 адам індет жұқтырғаны белгілі болды. Ал кеше 354 адамнан коронавирус шыққан. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, соңғы екі аптамен салыстырғанда КВИ-дің өсу қарқыны 0,4%-дан 0,7%-ға дейін ұлғайған. Соңғы тәулікте тіркелген 354 жағдайдың 299-ында симптом белгілері анықталған. 354 жағдайдың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар (76), оқушылар, студенттер (5), мұғалімдер (13) және күш құрылымдары (2) бар.

Аудан-қалалар бойынша көрсеткіш келесідей: Алакөл-43, Еңбекшіқазақ-7, Ескелді-22, Жамбыл-24, Қарасай-21, Қаратал-21, Кербұлақ-22, Панфилов-30, Райымбек-12, Сарқан-18, Кеген-9, Талғар-16, Ұйғыр-20, Талдықорған-82, Текелі-7.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"