КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 16 НАУҚАС ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР

Уақыты: 28.01.2022
Оқылды: 2088
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Соңғы тәуліктегі дерек бойынша Алматы облысында барлығы 64 189 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 455, өсім деңгейі 0,7 пайызды құрады.

Соның ішінде, Талдықорғанда – 81, Талғар ауданында – 57, Қарасай ауданында – 49, Қаратал ауданында – 40, Панфилов ауданында – 38, Ұйғыр ауданында, Текелі қаласында – 29-дан, Көксу ауданында – 25,  Еңбекшіқазақ ауданында – 23, Ескелді ауданында – 16, Сарқан ауданында – 14, Іле ауданында – 13, Балқаш, Кербұлақ аудандарында – 12-ден, Жамбыл ауданында – 6, Алакөл ауданында – 5, Қапшағай қаласында – 3, Ақсу ауданында – 2, Кеген ауданында – 1 жағдай.

2020 жылдың тамызынан бері пневмонияның 9066 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте 15 адам ауырған, соның ішінде, Қарасай ауданында - 8, Еңбекшіқазақ ауданында - 4, Талдықорған қаласында – 2, Алакөл ауданында 1 адам ауырды.

28.01.2022 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1253543  адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 9643 адам.

Барлығы 1092 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 138 адам түсті, 49 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 46,4%. Жансақтау бөлімінде 16 пациент жатыр, соның 1-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен қатар, өткен тәулікте облыста 378 адам КВИ-дан жазылған.

COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 929 552 адам алды, соның 2054-і өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 861 974 адам алды, оның 1099 екпені өткен тәулікте салдырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"