ОБЛЫСТА ОБЫР ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҒУШЫЛАР ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА КӨБЕЙІП БАРАДЫ

Уақыты: 04.02.2022
Оқылды: 1109
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында қатерлі ісік дертімен ауырған науқастар саны артып барады. Мәселен, былтыр 16 мыңға жуық адам обыр диагнозымен есепке алынған.

2020 жылмен салтырғанда ауру көрсеткіші 23 пайызға артып отыр. Өкініштісі, былтыр 1206 адам осы жазылмас сырқаттан көз жұмған. Мамандар індет жасарып келе жатыр деп дабыл қағуда.

Науқастардың 12,7 пайызы сүт безінің обырымен көш басында тұр. Екінші орында асқазанның қатерлі ісігі, үшінші орында өкпе обыры. Дерттің асқынуына жол бермеудің бірден-бір жолы уақытылы скринингтен өтіп, мүмкіндігінше, жылына бір тексеріліп тұру. Онкологтар бұл қызмет тегін жүргізілетінін айтып, шақырту жасаса да, тұрғындар өз денсаулығына салғырт қарап, дер кезінде көмекке жүгінбейді дейді дәрігерлер.

- Сондықтан, халыққа айтарымыз, ертерек келіп қаралу керек. Сізді ерте сатыда анықтасақ, сіздің өмір сүру ұзақтығыңыз 15-20 жылға дейін артуы мүмкін, - дейді Алматы облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары Гүлайым Оразбекова "Қазақпаратқа" берген сұхбатында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"