АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ 70 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

Уақыты: 08.02.2022
Оқылды: 1029
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында індет басталғалы бері коронавирусқа шалдыққандар саны 67682-ге жетті. Оның ішінде, 51436 адамда симптом белгілері бар болып шықты.

Облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы 2 аптамен салыстырғанда 0,6%-дан 0,4%-ға дейін төмендеді. Соңғы тәулікте КВИ-дің 127 жағдайы тіркелді, оның ішінде 102 адамда симптом белгілері бар. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 27 жағдай анықталды.

Аудан-қалалар бойынша көрсеткіш келесідей: Балқаш-6, Еңбекшіқазақ-9, Ескелді-2, Жамбыл-5, Іле-12, Қарасай-12, Қаратал-10, Кеген-2, Кербұлақ-2, Көксу-10, Панфилов-6, Талғар-13, Ұйғыр-1, Талдықорған-34, Қапшағай қаласы-3.

Айта кетейік, кеше Алматы облысында тағы 195 адамнан індет анықталған еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"