АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 70 МЫҢНАН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМ ЕКПЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Уақыты: 13.02.2022
Оқылды: 1386
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында жасөспірімдерді короновирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда.

Облыста вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны миллионнан асты. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 72292, жүкті әйелдер – 3602 және лактация кезеңіндегі әйелдер – 12481. Сондай-ақ, 178 325 адам ревакцинация курсынан өтті. Облыс бойынша коронавирусқа қарсы вакцина салатын 318 егу кабинеті белгіленіп, 76 жылжымалы пункт қызмет көрсетуде.

Қазіргі уақытта облыста екпе алуға ниет танытқан азаматтарға «Pfizer» компаниясының «Комирнати», «Sinopharm Vero Cell», «Qaz Covid-in», "Гам-КОВИД-ВАК" («Спутник V») вакциналары егілуде. Вакцинацияға рұқсат алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге мекенжайыңыз бойынша тіркелген емханаға жүгіну немесе eGov.kz порталында немесе eGov mobile қосымшасы арқылы электронды өтінім жіберу арқылы алдын ала жазылуыңыз қажет.

«Жасөспірімдерге вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"