АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАН 20 АДАМ РЕАНИМАЦИЯДА ЖАТЫР

Уақыты: 14.02.2022
Оқылды: 1283
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте Алматы облысында 224 адам коронавирустан жазылып шықты. Облыс қазіргі таңда "сары аймақта" тұр.

«Өткен тәулікте Алматы облысында 70 адам КВИ жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде, Талдықорған қаласында - 27, Текелі қаласында – 12, Талғар ауданында – 9, Қаратал ауданында – 6, Алакөл ауданында – 5, Ескелді және Кербұлақ аудандарында 3, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында 2, Ұйғыр ауданында 1 жағдай тіркелді», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада.

Соңғы мәлімет бойынша облыста 710 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 27 адам түскен. Ауруханалардағы төсек-орын саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 25,5 пайыз. Жансақтау бөлімінде 20 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек-орын жүктемесі 7,1 пайызды құрайды (280 орын).

Соңғы үш күнде 5162 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді. Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 971 157. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2181. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 881 917. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны - 557 адам.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"