БҮГІН 15 БАЛАДАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ - ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 15.02.2022
Оқылды: 1136
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Соңғы тәулікте Алматы облысында коронавирустың 91 жағдайы тіркелді. Оның 15-і бала. Облыс әлі "сары аймақта".

Облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,5%-дан 0,2%-ға дейін төмендеді. Соңғы аптада өсімнің ең жоғары қарқыны Ақсу, Жамбыл, Қаратал, Көксу, Сарқан өңірі мен Талдықорған, Текелі қалаларында байқалған.

Бүгін тіркелген 91 жағдайдың 15-і 14 жасқа дейінгі бала, 7-уі жасөспірім. Мұғалімдер арасында 2 жағдай анықталды.

Облыстағы аудан-қалалар бойынша көрсеткіш келесідей: Ақсу-2, Алакөл-2, Еңбекшіқазақ-2, Жамбыл-3, Іле-6, Қарасай-12, Қаратал-1, Көксу-11, Панфилов-7, Сарқан-2, Талғар-5, Ұйғыр-3, Талдықорған-31, Текелі қаласы-4.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"