АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КОРОНАВИРУС КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША "ЖАСЫЛ АЙМАҚҚА" ӨТТІ

Уақыты: 17.02.2022
Оқылды: 1187
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте Алматы облысында 78 адамнан коронавирус анықталды. Облыс "жасыл аймаққа" өтті.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында 15 жағдай, Қаратал ауданында – 11, Талғар ауданында – 10, Алакөл және Панфилов аудандарында 7 жағдайдан, Сарқан, Іле және Қарасай аудандарында 5 жағдайдан, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Кербұлақ аудандарында 3 жағдайдан, Көксу және Ұйғыр аудандарында 2 жағдайдан тіркелді.

Өткен тәулікте облыс бойынша 45 адам емделіп шықты. «17 ақпандағы жағдай бойынша өңірде 621 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 71 адам түсті. Өңір ауруханаларындағы төсек-орын саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 22,3 пайыз. Жансақтау бөлімінде 21 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек-орын жүктемесі 7,5 пайызды құрайды (280 жатын орын). Соңғы 3 күнде 5699 адамның сынамасы зертханада тексерілді», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада.

Департамент ақпаратына сәйкес, Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 978 321. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 887 010.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"