АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКПЕ ҚАБЫЛДАҒАНДАР САНЫ БІР МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚТАДЫ

Уақыты: 22.02.2022
Оқылды: 1072
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 995 мыңға жуық адам вакцина салдырды. Бұл облыс тұрғындарының 83 пайызын құрайды.

«Алматы облысында 993 228 (83%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Екіншісімен 892 923 (74,4%) тұрғын егілді. Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 82 075 жасөспірім, 3864 жүкті әйел және 13 955 бала емізетін ана салдырған», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Департамент ақпаратына сәйкес, аталған вакцинан салдырушы жасөспірімдер, жүкті әйелдер көп. Ал 206 513 адам ревакцинация курсынан өткен.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"