АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҮГІН 11 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 05.03.2022
Оқылды: 2593
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

2022 жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша Алматы облысында 11 адамнан коронавирус анықталды.

Жалпы пандемия басталғалы облыста 69 485 адам індет жұқтырған, оның ішінде, 52 899-ында симптом белгілері бар. Облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,1%-дан 0,02%-ға дейін төмендеді.

Аудан-қалаларға бөліп айтсақ, көрсеткіш келесідей: Балқаш-1, Ескелді-1, Жамбыл-1, Іле-2, Қаратал-2, Панфилов-1, Ұйғыр-1, Талдықорған-1, Текелі-1.

Облыста алгоритмге сәйкес халықты вакцинациялау бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Тұрғындар үшін 318 медициналық, 76 мобильді бригада және 17 жылжымалы медициналық кешен жұмылдырылған.

5 наурызда белігілі болған статистика бойынша, облыста  І компонентпен 1 005 026 мың адам немесе халықтың 83,8 пайызы егілді. ІІ компонентпен 907 891 мың адам немесе тұрғындардың 75,7 пайызы егілді. Балқаш (101%), Ақсу (102%), Қарасай (100%) аудандарында және Текелі (102%), Қапшағай қалаларында (100%) бірінші компонентпен егу жұмыстары толық аяқталды.

Облыста "Комирнати" вакцинасының бірінші компонентін 112477 адам алды, оның ішінде, 12-17 жасқа дейінгі 92 987 жасөспірім, лактация кезіндегі 15 417, жүктілік кезіндегі 4073 әйел адам бар. Аталған вакцинаның екінші компонентін 78 694 адам алды. Олардың ішінде, 64 817 жасөспірім, лактация кезіндегі 10 868 және жүктілік кезіндегі 3009 әйел салдырған. Сондай-ақ, 226 060 адам ревакцинация курсынан өтті, оның ішінде, 215986 адам "Синофарм" және "Казвак" вакциналарын алды, 10074 адам "Комирнати" вакцинасын салдыртты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"