КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН ПТР-ТЕСТ БАҒАСЫ БИЫЛ ТӨМЕНДЕТІЛДІ

Уақыты: 07.03.2022
Оқылды: 798
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті коронавирустық инфекцияның ПТР диагностикасын жүргізу бойынша қызметтер нарығына талдау жүргізді.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Open Space» кеңсесі аясында нарық субъектілерімен коронавирустық инфекцияның ПТР диагностикасын жүргізу қызметтерінің шаруашылық мәселелерін талқылады.

Кеңеске қатысушылар ТМККБК (тегін медициналық көмек) шеңберінде және МӘМС жүйесінде төленетін медициналық және медициналық емес ұйымдарға төленетін медициналық қызметтерге тарифтер (коронавирустық инфекцияны диагностикалау, ПТР жүргізу) ҚР ДСМ министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-170/2020 "ТМККБК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" бұйрығына (21-қосымшаға) сәйкес регламенттелетінін хабарлады. Сонымен қатар, ақылы қызметтер "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен регламенттеледі.

Осы қызметті ұсынатын нарық субъектілері өткен жылмен салыстырғанда коронавирустық инфекцияны диагностикалаудың ПТР қызметі бағасының биыл төмендегені туралы хабарлады.

Қатысушылар коронавирустық инфекцияның ПТР диагностикасын жүргізу қызметтері нарығында ағымдағы жағдаймен танысып, субъектілерге бағаның негізсіз өсу фактілерінің алдын алу туралы ақпарат берілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"