Жұқпа қалай таралады?

Уақыты: 28.09.2017
Оқылды: 1339
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Біз ауруханаға емделу үшін барамыз.  Бірақ кейде  емхана ішінде басқа инфекцияны жұқтыратын жағдайлар болады. Сол сәтте қандай емдеу шараларын қолданған жөн? Инфекцияны таратпаудың жолдары бар ма? Бүгінгі күнде медицина саласындағы ең басты мәселе де осы. 

Ауруханаішілік жұқпаның қоздырғышы 2 жолмен таралады:  ауа және қарым-қатынас арқылы. Оның негізгі таратушысы  ретінде ауа, дәрігерлердің қолы, қоршаған ортаның көптеген  нысандары  (төсек жабдықтары, таңу материалдары, медициналық құрал-жабдықтар, аппараттар) саналады. Микробтар мен бактериялардың түрі өзгеріп, қоршаған ортаға байланысты құбылуда, медициналық дәрі-дәрмектер мен зарарсыздандырғыш заттарына төзімді болып, «госпитальді штаммдарға» айналған. Сол себептен олар сепсис, пневмония, тыныс алу жолдары, асқазан-ішек, зәр шығару органдарын зақымдайтын ең ауыр ақауларды және басқа да жағдайларды тудырады. Олар балалар және «қауіпті топ» қатарына жататын иммундық жүйесі төмен науқас жандар, әсіресе, қарт адамдар арасында оңай таралады. 
Вирустық В, С және Д гепатиттері қан арқылы беріледі. Инфекцияны емхананың стоматолог, проктолог, гинеколог дәрігерлеріне қаралғанда «жұқтырып» алуға болады. Инфекцияның таралу жолдары  аурухананың түріне де байланысты. 
Зиян келтірмейтін тексеру үшін «гастроскопия», көптеген медицина мекемелерінде ыңғайлы және жұмсақ, бірақ қолмен зарарсыздандырылатын эндоскоптар пайдаланылады. Егер медбике манипуляция ережесін бұзса, қарапайым ине салудың өзі де жағымсыз жағдайлардың себебі болуы мүмкін. Ал қан сараптамасын тапсыру процедурасы – пациенттер үшін қауіпсіз, себебі, бір реттік стерильді құрал-жабдықтар қолданылады.  


 Е. Сыдыманов,
облыстық қоғамдық денсаулық сақтау 
департаментінің  басшысы.