ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒАҢЫЗ! ДӘРІГЕРДІҢ 7 КЕҢЕСІ

Уақыты: 06.04.2022
Оқылды: 1924
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ
Туберкулез - бұл микробактериядан туындаған ауру. Әдетте, туберкулез өкпеге әсер етеді, бірақ сирек жағдайларда лимфа түйіндері, сүйек жүйесі, тіпті, ми сияқты дененің басқа бөліктеріне әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Туберкулез адамнан адамға ауа-тамшы жолымен жөтелу, түшкіру арқылы және туберкулезбен ауыратын науқаспен тығыз байланыста болған кезде таралады. Туберкулезбен ауыратын науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде құрамында туберкулез микробактериялары бар қақырық тамшыларын бөледі. Қақырықты кептіргеннен кейін қоздырғыштар ұзақ уақыт өміршең болып қалады, әсіресе, жарық аз жерлерде олар бірнеше айға дейін сақталады. Туберкулездің қоздырғышы ағзаға олар жұқтырған ауаны жұту арқылы енеді.
Өзіңізді және балаларыңызды туберкулезден қалай қорғауға болады? Дәрігерлер мынадай 7 кеңес береді:
1.Балаларды туберкулезге қарсы вакцинациялауды және ревакцинациялауды жүргізу.
2.Туберкулезді анықтау мақсатында балалар мен жасөспірімдерге жыл сайын туберкулино диагностика (Манту сынамасы) салдыру.
3.Тұрақты, жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өтіңіз.
4.Аурудың симптомдары пайда болған кезде (қажу, тершеңдік, тәбеттің жоғалуы, дене температурасының аздап көтерілуі, салмақ жоғалту, үш аптадан астам уақытқа созылған жөтел туберкулезге тексеру үшін көрсетілім болып табылады) медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажет. Аурудың ерте сатысында анықталған туберкулезді емдеу оңай.
5.Теңгерімді тамақтану ережелерін сақтаңыз, диетаға ақуызға бай тағамдарды (ет, балық, сүт өнімдері), дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды қосыңыз.
6.Салауатты өмір салтын ұстану (темекі шегуден, алкогольді асыра пайдаланудан бас тарту, спортпен шұғылдану, таза ауада болу).
7.Жеке гигиена ережелерін сақтау.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"