АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Уақыты: 06.04.2022
Оқылды: 1993
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмысы жүргізілді.

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап кенелердің белсенділігі күшейді. Алматы облысының 13 ауданы мен қалаларының табиғи аумақтарында профилактикалық мақсатта кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге Еңбекшіқазақ, Ескелді, Қарасай, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандарында, тұрғындар көп демалатын ашық аумақтарда 124,8 га көлемінде кенелерге қарсы өңдеу жүргізілді, одан әрі жұмыс жалғасуда.

"Құрметті тұрғындар, кенелерді жою бойынша жұмыстарды жүргізу туралы белгілері (жазуы бар қалқандар) бар аумақтарға барудан бас тартуды сұраймыз. Кенелерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы белгісі бар орындарда 45 күн бойы мал жаюға тыйым салынады. Сонымен қатар, өңдеу жүргізілген күннен бастап алғашқы 3 күн ішінде осы аумақтарға барудан, жерде жатып демалудан аулақ болыңыз", - делінген Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Ақсу, Алакөл, Ескелді, Сарқан, Кербұлақ, Ұйғыр, Қарасай, Талғар, Кеген, Райымбек аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының ашық аумақтарында, саябақтарда, скверлерде кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары  2022 жылдың 22 сәуіріне дейін жалғасады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"