ТАЛҒАРДА ТӨРТ ЖАСАР БАЛА МЕНИНГИТКЕ ШАЛДЫҚТЫ. БАС ДӘРІГЕР НЕ ДЕЙДІ?

Уақыты: 11.04.2022
Оқылды: 1392
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Талғарда төрт жасар баладан менингококк инфекциясы шыққанын мәлімдеді.

- Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасына бүлдіршін қыз ауыр халде жеткізілді. Отбасында үш адам бар. Бұл ауру жұқпалы болғандықтан барлық байланыста болған адамдар бақылауда, - деді Талғар ауданының бас санитар дәрігері Бексұлтан Оспанов

Науқас қыз екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Дәрігерлердің айтуынша, ата-анасы кеш жүгінген. Дегенмен, дәрігерлер қызды аман алып қалған. Бала жансақтау бөлімінен ауыстырылған, жағдайы қалыпты.

- Бала 4 жаста. Талғар ауданында тұрады, балабақшаның үлкен тобының тәрбиеленушісі. Ауырған күні – 5 сәуір. Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған күні – 7 сәуір. Барлығы ЛОР дәрігеріне қаралды, бактериологиялық тексеруден өтті, зерттеу нәтижесі тексеріліп жатыр. Антибиотикалық профилактика тағайындалды. Байланыстағы адамдар дәрігерлердің бақылауында, - деді Алматы облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері.

Бөлім мамандары науқастың ауру ошағы болуы мүмкін тұрғылықты жері мен балабақшада эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілгенін атап өтті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"