ТАЛҒАРДА ТАҒЫ ДА ДОНЕРДЕН УЛАНУ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ. ТЕКСЕРІС ЖҮРІП ЖАТЫР

Уақыты: 16.04.2022
Оқылды: 1029
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талғар ауданында тағы да донерден улану дерегі тіркелді.

Аудан орталығындағы медициналық колледждің төрт студенті ауруханаға жатқызылды. Қыздар донерден уланған. Зардап шеккендердің екеуі дәрігерлердің бақылауында.

"Қыздар Талғарда донер жегеннен кейін өздерін нашар сезінгенін айтты. Қазір аудандық санитарлық-бақылау мекемесі мамандарының қатысуымен осы факті бойынша тексеру басталды", - деп хабарлады Алматы облысының полициясы.

Департамент мәліметінше, тексеру жүргізу үшін донер сататын орынның қызметі тоқтатылған. "Тексеру қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады", – дейді департамент өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"