ЕТ ТАРТҚЫШҚА ТУРАЛЫП КЕТКЕН. ТАЛҒАРДА БІР ЖАСАР БҮЛДІРШІНГЕ ОТА ЖАСАЛДЫ

Уақыты: 02.06.2022
Оқылды: 2421
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талғар дәрігерлері қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған баланы аман алып қалды. Балаға ота жасалып, қолындағы тамырлары жалғанып, қалпына келтірілді.

«Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ауыр оң қол жарақатын алған бір жарым жасар бала түсті. Ол оң қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған. Операцияны Талғар аудандық орталық ауруханасының білікті дәрігерлері мен операциялық қызметкерлері жасады. Қазір науқас бүлдіршін интенсивті терапия бөліміндегі палатада жатыр. Оның жағдайын реаниматолог дәрігерлер бақылауда», - делінген Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"