«ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» КӨЛІГІН СЫЙҒА ТАРТТЫ

Уақыты: 19.06.2022
Оқылды: 1764
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қаратал ауданының Жолбарыс батыр ауылдық округіне жомарт азаматтар  «Жедел жәрдем»  көлігін сыйға тартты.

Осы күнге дейін округтегі  4 мың тұрғынға әбден тозығы жеткен көлік қызмет көрсетіп келген. «Ескіні жамағанның есі кетеді» деп,  20 жыл бойы қолданыста болған көліктің соңғы кезде жүргенінен тұрғаны көп болған.  
Шарада аудан әкімі Ерлан Исабеков  медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласына жыл сайын   барынша қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтты. Заманауи құрал-жабдықтар алынып, емдеу мекемелері жөндеуден өткізіліп, мамандардың  еңбекақысы  да көтерілді. Аудан басшысы биыл Бастөбе ауылына да жеке демеушілер "Жедел жәрдем” көлігін сыйға тартқанын айтты.  Ақ желеңді абзал жандардың мерекесі қарсаңында округ тұрғындарының игілігіне берілген су жаңа көлік алғашқы пациентті  перинаталдық орталыққа алып кетті.

Гүлжан МҰҚАШҚЫЗЫ
Жетісу облысы