ТАЛДЫҚОРҒАНДА 63 АДАМ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚТЫ. БҮГІНГІ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 05.08.2022
Оқылды: 2086
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Талдықорған қаласының 63 тұрғынынан COVID-19 анықталды. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Пандемия басталғаннан бері және 2022 жылдың 5 тамызындағы жағдай бойынша Жетісу облысында КВИ-дің 37 802  зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны 0,3% деңгейінде тұр. Соңғы аптада облыста 658 жағдай, соңғы тәулікте COVID-19-дың 100 жағдайы тіркеліп отыр.

Облыс бойынша сырқаттанушылық Талдықорған қаласында – 63, Қаратал ауданында – 6, Ескелді ауданында – 4,  Алакөл – 3, Панфилов ауданында – 8, Көксу ауданында – 11, Сарқанда - 5 жағдай тіркелді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"