ҚҰТЫРМАДАН ҚАЛАЙ САҚТАНАМЫЗ? ИТ ТІСТЕГЕН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Уақыты: 28.09.2022
Оқылды: 1712
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

28 қыркүйек – Халықаралық құтырмаға қарсы күрес күні. Жетісу өңірінде құтырманың өршуі туралы мәселенің өзектілігіне байланысты Талдықорған қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері мен басшысы С.Мелдебаев №2 орта мектеп ұжымымен бірлесіп, 5-11 сынып оқушылары арасында семинар өткізді.

Семинар барысында алдын-алу шаралары, жануардың шабуыл жасауы кезінде кімге жүгіну жайлы және ит тістеген жағдайда не істеу керектігі туралы сұрақтар талқыланды. Оқушылар алдын алу мәселесінде байланысты сұрақтар қоюда белсенділік танытты. Сондай-ақ, Талдықорған қаласының СЭБ қызметкерлері ветеринарлық қызметпен және қалалық полициямен бірлесіп, ит тістеген аумаққа барды. Үй жануарының иесі 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп, жазаланды. Егер жануар адамға қайта шабуыл жасаса, құқық қорғау органдары қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр екенін атап өтті.

Оқушылар арасында құтырудың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарынан басқа, СЭБ қызметкерлері медициналық ұйымдардың мамандарымен және ветеринарлық қызметпен бірлесіп, іс-шаралар өткізетін болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"