ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕДБИКЕНІҢ РӨЛІ

Уақыты: 13.01.2023
Оқылды: 3006
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

 Үй  жағдайында мейірбикелік күтім жасау – ауыр науқастан айыққан, созылмалы сырқаттың азабын шеккен, жүріп-тұруы қиын науқастарға медициналық  қызмет көрсету. Олар дертке шалдыққан адамдарға жан-жақты көмек көрсетіп, керек кезде  дәрігерлік деңгейде  жәрдем береді.

 Үйде күтім жасауды учаскелік терапевт немесе отбасылық дәрігер атқарады. Күн тәртібін талапқа сай ойластырады.  Науқастың уақытты тиімді пайдалану, диета сақтауын қадағалап, дәрі-дәрмекті мезгілінде  тағайындайды. Медбике науқастарды үйде күту бойынша барлық қимыл-қозғалысты орындайды. Мейірбикенің негізгі көмекшісі емделушінің туыстары болып табылады, олардың жұмысын медбике ұйымдастырады.
Мүмкіндігі шектеулі науқастарға үйде күтім жасауды үйрету қоғамды сауықтырудың маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені қозғалғыштығы төмен, төсек тартып жатқан  науқастардың созылмалы ауруы негізінен дұрыс емес күтімнен туындайды.
 Көбінесе үйде емделу үшін ауруханадан шығарылған қозғалуы нашар науқастарға күтім бойынша көмек дұрыс көлемде көрсетілмейді немесе «сауатсыз» күтім көрсетіледі, бұл ауыр қайталама ауруларға және тіпті науқастардың өліміне әкеледі.
Үйде дұрыс күтім жасау мәселесі өзекті болып саналады. Көбінесе созылмалы аурулары бар науқастар белсенді емдеуді және күнделікті медициналық бақылауды қажет етпейді. Олар өздерін әдеттегі және тыныш үй жағдайында жақсы сезінеді және ең алдымен күтімді, қолайлы тұрмыстық жағдай жасауды, гигиенаны сақтауды қажет етеді.
 Емделушінің ең заманауи және тиімді күтімін қамтамасыз ету мейірбикенің үйдегі жұмысының өте маңызды бөлігі саналады. Олар мұны үнемі соңғы зерттеулер мен ғылыми негізделген тәжірибелерден хабардар болу арқылы атқарады.

ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі»  МКК  МІ-511 білімгері  
Зарина БАЙБӨРІНОВА,
ғылыми жетекшісі  Гүлшат ҚАДІРОВА