Кезекті Үкімет отрысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шаралары бойынша денсаулық сақтау министрлігінің жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасы дерегіне жүгіне отырып хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ажар Ғинияттың сөзінше, ұлттық жоба шеңберінде ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
"Ұлттық жоба шеңберінде: 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу, сондай-ақ жарақтандыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жолымен 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту көзделеді", - деді Ажар Ғиният.
Оның айтуынша, медицина мамандығының беделін арттыру шеңберінде бірқатар іс-шара жүзеге асырылуда:
▪️ 2023 жылдан бастап үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын енгізу.
▪️ 2023 жылдан бастап резидентураға гранттарды қосымша 70%-ға ұлғайту басталды.
▪️ Медициналық жоғары оқу орындарында білім алушыларға стипендияны жыл сайын 15-20%-ға ұлғайту.
▪️ Дәрігерлердің жалақысын 30%-ға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттыру.
Фото: ашық дереккөзден
"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ