"Оны ашық айтамын": Белгілі ғалым Қазақстанды пандемиядан кім сақтап қалғанын айтты

Уақыты: 30.05.2023
Оқылды: 974
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Белгілі ғалым, Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья «QazVaC: ТАЙТАЛАС» деректі публицистикалық кітабын таныстырды.

Бүгін елордада «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» атты халықаралық форум өтіп жатыр. Форумда жаңа кітаптың тұсауы кесілді. 

Бұл кітап пандемиямен күрес кезінде отандық вакцина жасап шыққан қазақ ғалымдарының ерлікке барабар ісіне арналады. QazVac вакцинасы қалай жасалды? Қандай кедергілерді жеңуге тура келді? Вакцина шығаратын отандық зауыт қалай салынды? Оның маңызы қандай? Кітапты әзірлеуші топ вакцина жасауға қатысқан ғалымдардың өзімен, басшылық жасаған тұлғалармен жеке кездесіп, осы сұрақтардың жауабын оқырман назарына ұсынды. Пандемия аяқталды, бірақ пандемиямен күрес кезіндегі ғалымдар мен дәрігерлер еңбегі ұмытылмауы керек, - дейді Күнсұлу Закарья. 

Ол осы ретте пандемиядан елді сақтап қалған адам Президеніт екенін атап өтті. 

Олар біздің вакцинаға сенді. Маған кейбір адамдар қоңырау шалып, вакцинаны күтіп отырғанын, қашан дайын болатынын сұрады. Сіздердің бізге сенім артқандарыңыз үшін рақмет айтқым келеді. Осы дерттен, аурудан, мүмкін өлімнен сақтап қалған тек біз емеспіз. Ең бірінші бәрімізді сақтап қалған біздің мемлекет басшымыз, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Оны ашық айтамын. Мен ешкімнің алдында жалпақтаған адам емеспін. Басынан аяғына дейін куә болдым. Ол осы процесте өзі тапсырма беріп, өзі жағдайды қатаң бақылауға алды, - дейді Ұлттық ғылым академиясының президенті.

Фото: baq.kz