Дұрыс таңдалған мамандық адамның өмір жолын анықтай алады

Уақыты: 05.06.2023
Оқылды: 992
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Ескелді аудандық ауруханасында «Еңбек адамы» жобасы аясында жастармен кездесу өтті.

Ескелді аудандық мәслихат депутаты Сәуле Құсмолданова және денсаулық сақтау ардагері Талап Талдыбаев қатысқан жиында мамандықты дұрыс таңдау туралы сұрақтар талқыланды. Талап Бекайдарұлы денсаулық сақтау жүйесінде өткен кәсіби жолы туралы:         

"Дұрыс таңдалған мамандық адамның бүкіл өмір жолын анықтай алады. Біздің халқымыз үшін жастардың сапалы білім мен лайықты тәрбие алуы үшін қоғам өмірінде өз орнын табуы өте маңызды. Сондықтан жастармен осындай кездесулер қажет", - деді

Кездесуде білім беру, медицина, кәсіпкерлік, әлеуметтік қызметтерді дамыту, жастарды тәрбиелеу, мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, азық-түлік бағасын реттеу, жастардың бәсекеге қабілеттілігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бағытындағы жұмыстары талқыланды. 

Қатысушылар жекелеген қызмет салаларында жастардың одан әрі дамыту бойынша бірқатар ойларымен бөлісті.

Мен сіздерге өмірдегі ең бастысы - жоғары білім, жоғары кәсібилік және өз отанымызға деген адалдық парызымыз екенін есте сақтауға шақырамын. Сіздерде болашаққа деген үлкен күш, қуат, шығармашылық әлеует бар. Осының бәрін өміріңіздегі  басты мақсатқа айналдырып жүзеге асыруға ұмтылыңыздар", - деді Сәуле Рыспекқызы.