ҚАНДАЙ ҚҰРМЕТКЕ ДЕ ЛАЙЫҚТЫ

Уақыты: 13.06.2024
Оқылды: 457
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Мен асқазанда пайда болған имфома ауруымен қыркүйек айынан бері күресіп келемін. Алты рет химия алдым. Ауруыма жәрдем беретін керекті ем-домдардың бәрі жасалды. Денсаулығымды тексерген дәрігерлер менің әлеуметтік жағдайымды елеп-ескеріп, өз бақылауларына алды.


Күні-түні жарғақ құлағы жастыққа тимей тынымсыз жұмысқа жегіліп, тығырықтан шығар жол іздеп, дерттің емін табуға бар білім-білігін, күш-жігерін салатын дəрігерлердің талпынысын қалалық №1 емхананың онколог-дәрігері Гаухар Битуева, №1қалалық емхананың дәрігері Ләйлә Төлеуханова, жалпы тәжірибелік бөлімінің меңгерушісі Анар Мухитованың адал еңбектерінің арқасында, Алланың қалауымен жаным аман қалды. Сондай-ақ, ауруханадағы мейірбикелер мен санитариялық бөлім қызметкерлерінің еңбегін айтып жеткізу мүмкін емес. Ауырып жатқан науқастармен тіл табысып, жұмыс істеудің өзі қиынның-қиыны.

Қазіргі таңда онкологиялық аурухананың бас дәрігері Мадияр Амангелдіұлының ұйымдастыруымен барлық емделушіге жағдай жасалуда. Бас дәрігердің тапсырмасын ойдағыдай орындайтын Дәуренбек Арапжанов және Гүлайым Оразбекова, химиотерапия бөлімінің  меңгерушісі Назым Қасымбекова, мені емдеп жазған Әлібек Сабырбекұлы мен Рауан Бақытжанұлының еңбектерін ерекше айтып өткім келеді. Өзім ем алып жүретін «Қайнар» емханасының 20-шы учаскелік дәрігері Айман Досалиева, медбике Дина Рысбекова мен Гүлзат Ғабдулиннің атқарып жатқан істерін айтып өтпеске болмайды. Алғысқа лайық жанашырлық жасаған жандарға еңбектеріңіз жана берсін деп жақсылықтарына басымды иіп, шын жүрекпен ризашылығымды білдіремін. Соңғы бір жылда елімізде адал, қарапайым, ұстамды, кішіпейіл дәрігерлердің бар екенінің шынайы куәсі болдым.

Абзал жандардың бар екеніне көзім жеткендіктен медицина қызметкерлерінің еңбегін елге жеткізу парызым. Олар қандай мəртебеге, марапатқа болсын əбден лайық.

Айсажан ОМАРОВА,
қала тұрғыны