МАМАН СЕРТИФИКАТЫН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Уақыты: 27.06.2024
Оқылды: 491
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Оқу бітіргеннен кейін денсаулық сақтау саласындағы әрбір маман клиникалық практикаға рұқсат алу үшін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен жұмыс істеу үшін өз мамандығы бойынша сертификаттаудан өтуге міндетті.

Кәсіптік даярлықты бағалаудың және біліктілікке сәйкестігін растаудың оң нәтижелері болған кезде маманға клиникалық практикаға және дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жұмыс істеу үшін тиісті сертификат беріледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында Медициналық және фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлері үшін ғана емес, фармацевтика саласының қызметшілері үшін де міндетті сертификаттау рәсімі.

Медицина қызметкерлерін сертификаттау клиникалық практикасына жіберу үшін, фармацевтерді сертификаттау – дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жұмыс істеу саласында еңбек ету үшін қажет.

Сертификаттаудан «білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің және мамандардың кәсіби даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына сәйкес кәсіби даярлығын бағалаудан өткен мамандар өтеді.

Маман сертификатын растау кезінде білім мен дағдыларды бағалау нәтижесі берілмейді.

Негізгі еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша сертификаттаудан өту және қолданыстағы маман сертификатын растау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жібереді. Омен қоса, www.egov.kz, www.elicense.kz бойынша қосымшаға сәйкес өтініш және құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алуға қалай өтініш беру керектігі туралы толық түсініктеме ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің ресми сайтында және Instagram әлеуметтік желісінде: dkmfk_zhetysu бейнеролик түрінде жарияланған.

Басқа да сұрақтар бойынша 8(7282)24-11-76 телефондары бойынша хабарласуға болады.

А.ӘБІЛТАЙҚЫЗЫ
Фото: med.mcfr.kz