ҚАРЖЫ УАҚЫТЫНДА БӨЛІНЕДІ

Уақыты: 06.08.2024
Оқылды: 454
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарды қаржыландыру барысы туралы есеп берді. 


Бүгінде Жетісу облысының медициналық ұйымдарын амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге  37,9 млрд. теңге төленген.

«Облыс бойынша шілденің соңына дейін өңір тұрғындарының медициналық көмек алуына қолбайлау болмайтынын атап өткім келеді», – деді Қордың облыстық филиалының басшысы Иван Самойленко.

Сонымен бірге, қор  медицина ұйымдарына келісімшарт аясында бөлінген қаражатты ұтымды пайдаланып,  тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді ыждағаттылықпен атқаруды талап етті. Жалпы алғанда жағдай қордың бақылауында және медициналық ұйымдар қаржымен үздіксіз қамтамасыз етіледі. 

«Әлеуметтік медициналық 
 сақтандыру қоры»  КЕАҚ Жетісу
облыстық филиалы